Сіз мындасыз: Басты бет

     Біздің сайтымызға қош келдіңіздер. Халықтың, медициналық және фармацевтикалық қызмет жүйесі туралы, жақсы хабардар болуына, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпарат алуға, сонымен қатар пациенттердің құқығын регламенттейтін ақпаратты алуға сайт жақсы көмектеседі деп ойлаймыз.

Осы күні, өкінішке орай халықтан емдеу нәтижесінде алынған асқынуына, сонын ішінде мүгедектікке және жазатайым жағдайларға әкелуіне байланысты өтініштер түседі, олардың 30% дәйекті деп табылады. Дүниежүзілік тәжірибе медициналық қызметтің сапасын көтеру үшін: білікті кадрлардың тұрақты дайындығы, медицина көмегінің стандартизациясы, денсаулық сақтау ұйымдарының аккредиттеуі қажет екендігін көрсетеді. Осы мәселені шешу үшін аурулардың диигностикасы мен емделуінің 300 мерзімдік хаттамалары әзірленді және қолданылады, аккредиттеудің стандарттары мен тәртібі әзірленді және бекітілді. Медицина ұйымдарының аккредиттеуі ұлттық стандарттар негізінде жүзеге асырылады, кейін – халықаралық стандарттар негізінде.

Медицина қызметінің сапасын жоғарлату мақсатында республикада медицина ұйымының деңгейінде сапаны басқару жүйесі енгізілген (ішкі аудит).

Қазақстан Республикасының «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға» денсаулық сақтауды дамыту Мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде, медицина көмегінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұйымдардың және диагностикалық, емдеу, оңалту және профилактикалық қызметтерді көрсетудің замануи технологиялары енгізілуде, оның тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденетін медицина принциптерімен расталған.

Сыртқы және ішкі аудитінің нәтижелері негізінде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін рейтингілік бағалау жүйесінің жұмысы жүргізіледі.

Пациент құқығын қорғау, медицина этикасы мен деонтология институтының, пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқығы мен міндеттерін регламенттейтін нормативты құқықтық базаның жетілдіруі дами бастады.

Осы бағытта, ағымдағы жылы Денсаулық сақтау министрлігі мен атқару органдары қасында пациенттердің құқығын қорғау бойынша Қоғамдық комитеті құрылған. Сонымен қатар, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде көрсетілетін қызметтердің тізімі, дәрілік заттардың сапасы мен қол жетімділігі, емдеудің тиімді әдістері, аурулардың алдын алу және отандық медицина ұсынатын мүмкіндіктер туралы халықты кең хабардар етуге назар аударылады.

Жаңалықтар