Вы здесь: Новости23 маусым мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мейрамы

23 маусым мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мейрамы

Құрметті мекеме қызметкерлері!

23 маусым Елбасының Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мейрамы болып жарияланған. Мемлекеттік қызметшілер – отанымызға адал қызмет етуге ант берген тұлғалар.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталған Қазақстан халықына Жолдауында мемлекеттік институттарының жұмыстарын жетілдіруді жеке бағыт ретінде бөліп атаған. Президенттің айтуы бойынша 30 дамыған елдердің қатарына ену үшін бізге адал, бәсекеге қабілетті, әділ, заңның ұлылығы және құқықтық мәдениетіміз биік болу керек. Үкіметтік емес сектор мен бизнес және мемлекет арасында  жаңартылған қарым-қатынас құралдары қажет болады.

2013 жылдың басынан бастап ел Президентімен бекітілген, Концепцияға негізделген, Қазақстандық мемлекеттік қызметтің жаңа нұсқасы жұмыс істей бастады. 2015 жылдың 23 қарашасынан «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының өзгерістері қолданысқа енгізілген. Одан басқа, мемлекеттік қызмет туралы заңнамада алғашқы рет тәлімгерлік және тағылымдама институты қарастырылған. Жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлердің тез бейімделуі, білім мен тәжірибе алмасуды қамтамасыз етуі үшін оларға аса тәжірибелі және кәсіби қызметкерлердің арасынан тәлімгерлер бекітілетін болады. Кәсіби білім мен тәжірибе алу үшін мемлекеттік қызметшілер, тағылымдама өтетін болады.

Елбасының Жарлығымен 2013 жылдың 19 ақпанынан «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі енгізілгенін атап өткім келеді. Онымен 15 жылдан астам  мінсіз қызмет еткен, және де мемлекеттік қызметті дамытуға қомақты үлес қосқан мемлекеттік қызметші марапатталады. Биылғы жылы біздің мекемеден ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша депратментінің «Алғыс хатыман» басшы орынбасары Омарова Жанылдык Аближанқызы марапатталды.

     Құрметті әріптестер! 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын  мықты денсаулық, отбасына береке тілеймін, отанымыз Қазақстан Республикасының игілігі үшін адал қызмет етіңіздер.